428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда 100-ден астам отбасы есепке алынды

  • 916
  • UPD: 23:37, 04.02.2019
Петропавлда 100-ден астам отбасы есепке алынды

Петропавлдық өрт сөндірушілер тұрмыстық жағдайы нашар 100-ден астам отбасыны есепке алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларлың барлығы жер үйде тұрады. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, бұл адамдар қысқы жылыту маусымына дайын емес. Атап айтсақ: пештері сыланбаған, мұржалары тазаланбаған. Сол себепті құтқарушылар алдағы күндері қатты аяз болатындықтан, тағы да рейд ұйымдастырып, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша 35 өрт болып, 3 адам қаза тапты. Сонымен қатар мамандар жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне улы газдың мөлшерін анықтайтын арнайы құрылғылар орнатты. 

Тұрлыбек Ғабдуллин, қалалық ТЖБ аға инженері:

- Пеште жаңғыш материалдар: отындар, киімдердің сақталуы. Жанып жатқан пештің үстінде. Және жанатын материалдардың да пешке жақын орналасуы. Күзден бері 15 үйге газ анализаторын орнаттық. Оның жұмыс тәртібі, ол пештен шыққан түтінді қабылдап, арнайы дабыл қағып, ұйқыдан ояту. Жандарды аман сақтап қалуға болады.

Хабар 24 телеарнасы