389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өткен жылы елімізде 434 адам өрттен қаза тапты

  • 847
  • UPD: 23:37, 04.02.2019
Өткен жылы елімізде 434 адам өрттен қаза тапты

Статистикалық деректерге жүгінер болсақ, былтыр тілсіз жау салдарынан елімізде 434 адам қаза тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көз жұмғандардың саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға жоғары. Республика бойынша өткен жылы 14 мың 500 өрт оқиғасы тіркелді. Яғни бұл – дабыл қағуға тұрарлық дерек. Ресми мәліметке сүйенсек, өрт оқиғалары көбіне электр сымдарының тұйықталуынан және жеке тұрғын үй секторларындағы пештердің істен шығуынан туындайды. Оның үстіне газбен улану деректері де төмендемей тұр. Көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артқан.

Хабар 24 телеарнасы