420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тың бастамалар қолға алынуда

  • 2195
  • UPD: 23:34, 04.02.2019
Білім ордаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тың бастамалар қолға алынуда

Мектеп, жоғары оқу орындары мен колледжерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тың бастамалар қолға алынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Соның бірі – Sanaly urpag жобасы», – дейді қалалық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері. Тағы бір тың бастама – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашылған сатушы мен күзетшіні ығыстырған «адалдық дүкені». Мұнда тұтынушылар сатып алған заттарының ақысын пластикалық картамен төлейді. «Бұл – халықтың сенімі мен санасын арттыру үшін жасалған қадам», – дейді сала мамандары. Бүгінде агенттік жанынан үш жобалық кеңсе құрылған. Олар жастардың жемқорлыққа қарсы білімін жетілдіруді көздейді. Қазір Алматы университтерінде әртүрлі  бастамалар жүзеге асырылуда. Мысалы, студенттерге бірыңғай қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда 500-ге тарта түрлі әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсетіледі.

Қайыржан Тоқышев, Республикалық «Саналы ұрпақ» кеңсесінің жетекшісі:

- Адалдық дүкенінің негізгі мақсаты – біз «Мәңгілік ел – Қазақстан» боламыз десек, біз өзіміздің ұрпаққа жақсы көзқарас  қалыптастыруымыз керек, парасатты адам етіп дайындауымыз керек қой. Парасатты деген сөздің астарында көптеген дүние жатыр. Сондықтан біреудің дүниесін ұрламау, біреудің ала жібін аттамау, таза, адал болу үшін осындай кішкентай болсын дүкендерден бастап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы