389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эколог: Арал теңізінің астында судың мол қоры болуы мүмкін

  • 1469
  • UPD: 23:30, 04.02.2019
Эколог: Арал теңізінің астында судың мол қоры болуы мүмкін

Қарақалпақ елінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанынан табылған су көзіне қатысты жазушы, эколог Сайлаубай Жұбатырұлы пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйгілі айдынның маңынан бұған дейін де біренеше мөлдір бұлақтың көзі ашылған. Тіпті Қызылорда облысы Арал ауданының Ақеспе елді мекенінде жер астынан мөлдір таза, ыстық су қайнап шығып жатыр. Ал Қасқақұландағы тұщы су Барсакелмес қорығының аң-құсының қолайлы тіршілігіне тірек болған жайы бар. Демек теңіз астында мол судың қоры болуы мүмкін дегенді Сайлаубай Жұбатырұлы жоққа шығармайды. Сондай-ақ байырдан келе жатқан аңыздарда Арал теңізі бір түнде тасыған деп айтылады. «Демек осындай аңыздардың да ақиқатқа айналуына үмітпен қарайтынымыз рас», – дейді қызылордалық зиялы қауым өкілі.

Сайлаубай Жұбатырұлы, жазушы, эколог:

- Бірақ бұл су бір нышан, белгі сияқты. Және оны қарақалпақ ағайындар қалай пайдаланбақ? Мүмкін сол жерден кішкентай шыққан суды Мойнаққа, әрі қарай Нүкіске, мына жағы Қоңырат, мына жағы Қазақдария, Тақтакөпір деген жерлері бар ғой, соларға тартып, ауызсу ретінде пайдаланатын болса, бұл олардың қуанышы, өздерінің табысы. Ал біздің хабардан күтетініміз, үлкен ақсақалдарымыз айтқандай, тарихтың аңызынан келгендей, теңіз түбінен тасып, субұрқақтар атылып, қалпына келіп жататындай болса, біз оған өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы