425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар, Қостанай және Семей мектептерінде сабақ тоқтатылды

  • 1071
  • UPD: 10:38, 05.02.2019
Павлодар, Қостанай және Семей мектептерінде сабақ тоқтатылды фото: lenta.inform.kz

Аталған өңірлерде ауа температурасы минус 33° төмендеген.

Еліміздің бірқатар қалаларында мектеп оқушыларына сабақ тоқталды.

Павлодар облыстық білім басқармасының ақпаратынша, бірінші ауысымда білім оқитын 0-11 сыныптың оқушыларына сабақ болмайды.

Қостанайда бірінші ауысымда оқитын 0-9 сыныптардың оқушыларына да сабақ тоқтатылды. Облыста ауа райының сынап бағанасы 20-30° градусқа дейін төмендеп, секундына 18 метр жел соғады деп күтіледі.

Ал Семей мен Риддерде бірінші ауысымда білім алатын 0-9 сынып оқушыларына да сабақ тоқтатылды. Ауа райы -27° градусты көрсетіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы