418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Премьер-министр өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты

  • 2105
  • UPD: 13:35, 05.02.2019

Үкімет басшысы өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Астанада орын алған қайғылы оқиғаға байланысты өрт қауіпсіздігі тексерістерін күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ алдағы күндері бірнеше өңірде күннің күрт суытуына орай әкімдіктерге, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтеріне қауіпсіздік техникасының сақталуына ерекше назар аударуды тапсырды. Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігіне жылу беру маусымы аяқталғанша, өрт қауіпсіздігі айлығын қайта бастауды жүктеді.

Бақыт Сұлтанов, қала әкімі:

– Ауа райының күрт суытуына орай жер үйлерде пешті жылытуға барынша қосуға байланысты өрт шығу қаупі артуда. Сондықтан бұл жағдайлардың алдын алу үшін аудан әкімдеріне, төтенше жағдайлар департаментінің, полиция департаментінің басшыларына бірлесіп, түнгі рейд жүргізу жұмыстары тапсырылды. Ал от жағып отырған жер үйлер мен нысандардағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ережесі түсіндіріліп, тексеру жүргізу жұмыстары жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы