385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь тұрғындары «Хабар 24» және Kazakh TV арналарын көре алады

  • 933
  • UPD: 20:16, 05.02.2019

«Хабар 24» арнасының хабар тарату ауқымы кеңейді. Ертеңнен бастап арнамызды Беларусь тұрғындары көре алады. Жыл басында осы мәселе бойынша Астана мен Минск арасында келіссөздер басталған еді. Енді тараптар келісімге жетіп, көрермендер Хабар 24 және Қазақ ТВ арналарын тамашалайтын болды.

Қазақстандық телеарналар хабарын Беларусьте тарату туралы ойдың туындағанына бірнеше жыл болды. Бұл сауалды билік өкілдері мен қоғам белсенділері және диаспора өклдері де көтерді. Енді міне «Хабар 24» пен «Қазақ ТВ» беларусь экрандарына соңғы жылдары шыққан алғашқы телеарналар болды.

Әлмира Кәрібаева, қазақ диаспорасының өкілі:

- Отанымыздан алыс кетіп едік, бұл сапарымыз туған жерімізді қатты сағынғанымызды көрсетті. Өйткені балаларымыз ғаламтордан қазақша фильмдер іздеп, ана тілінде көбірек сөйлесе бастады. Осында қазақ диаспорасыөкілдерімен кездесулерге баратын болдық. Отанымызбен осындай байланыс болуы керек. Енді қазақ бағдарламаларын теледидардан көріп, ана тілімізді естиміз, балаларымыз да, өзіміз де осыған ризамыз.  

Минскте жаңа арналарды қосудағы батсамалар бұрын жарты жылға дейін созылатын, ал бұл жолы бір айдың ішінде барлық мәселе шешімін тапты. Сарапшылардың пікірінше, оған жоба авторларымен қоса Беларусь көрермендерінің де ынтасы септігін тигізген.

Сергей Яременко, «Бетателесеть» директоры:

- Бұл бізге өте қызық болды, коммерциялық жағынан ғана емес, халқымыз көрші елдерде не болып жатқанын білгісі келеді. Менталитеті көбіне бізге ұқсас, құндылықтарымыз да ортақ. Қазақстанда не болып жатқаны, ондағы халық қалай тұрып жатыр, мұның бәрі бізге қызық. 

«Хабар 24» пен ҚазақТВ арналарын беларустар кем дегенде үш жыл көре алады. Беларусь ақпарат министрлігі әзірге осынша мерзімге рұқсат берген. Қазір қазақстандық арналардың таратылуын бес оператор қамтамасыз етеді. Бұл үлкен қызуғышылықты көрсетіп отыр. Мамандардың айтуынша, провайдерлер саны артады, ал алдағы айларда қос арна елдің ең ірі тележүйесі Белтелекомға енгізілуі мүмкін. Бұл жөнінде келіссөздер басталып кетті.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы