386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей тұрғыны қала әкімдігін сотта жеңіп шықты

  • 483
  • UPD: 21:37, 05.02.2019
Семей тұрғыны қала әкімдігін сотта жеңіп шықты

Семейлік Елена Кулакова сотта қалалық әкімдікті жеңіп шықты. Тұрғынның талап арызы толық қанағаттандырылып, шаһар басшылығынан былтыр су тасқыны кезінде сынған терезелері үшін 400 мың теңгеден артық шығынды өндіру жөнінде шешім шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы наурыз айында Ертіс өзені тасып, мұз жару жұмыстары кезінде Сәтпаев көшесінің бойындағы үйлердің терезелері зақымданған. Төтенше жағдай кезінде 300-ден астам жер үй мен саяжайға су кірген болатын.

Нұрсұлу Қабышева,  қалалық соттың судьясы:

- Сот тұрғынның талап арызын қанағаттандыру жөнінде шешім шығарды. Қала әкімінен шығын ретінде 323 мың 571 теңге және сараптама жүргізуге кеткен қаражатты қосқанда барлығы 446 мың 289 теңге өндірілді. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы