383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Эйр Астананың» барлық ұшағы кешіктірілуде

  • 339
  • UPD: 23:32, 05.02.2019
«Эйр Астананың» барлық ұшағы кешіктірілуде inform.kz
Бүгін елорда əуежайынан ұшып кететін «Эйр Астана» əуе компаниясының барлық ұшағы кешіктіріледі. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Эйр Астана əуе компаниясының барлық ұшағы əуе кемесінің жоғары қабатын мұздың қатуына қарсы арнайы сұйықтықпен сапалы өңдеуге қолайлы уақыт туындауын күтуге байланысты сағат 23-30-ға дейін кешіктіріледі. Жел жылдамдығы секундына 15, кейде 18 метрге дейін жетеді», - деп атап өтті комитеттен.
Хабар 24 телеарнасы