389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында мемқызметкерлер 21 мың шаршы метр аумақты заңсыз пайдаланған

  • 756
  • UPD: 14:17, 06.02.2019
Қарағанды облысында мемқызметкерлер 21 мың шаршы метр аумақты заңсыз пайдаланған BNews.kz

Қарағанды облысында шенеуніктердің жұмыс бөлмесі шамадан тыс үлкен екені анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе әкімдер, басқарма мен бөлім басшылары кеңселерін кең сарайдай етіп, кейбірі, тіпті, демалыс бөлмесіне дейін жабдықтап алған. Осыған байланысты өткен жылы өңірдегі 609 мекемеге тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің кеңселердегі 21 мың шаршы метр аумақты заңсыз пайдаланып отырғаны белгілі болды. Демек мемлекет қаржысы мақсатсыз жұмсалған. Мұндай келеңсіздіктер Ұлытау, Қарқаралы аудандары мен Қарағанды, Жезқазған, Шахтинск қалалары және Қарағанды облысы әкімдігінде анықталған. «Аумағы атшаптырым зәулім кабинеттерді ықшамдау арқылы жылына бюджеттің миллиондаған қаржысын үнемдеуге болады», – дейді құзырлы орган өкілдері.

Берік Ахметов, МҚІСЖҚІА облыстық департаменті басшысының орынбасары:

- 21 мың шаршы метр алаңды таптық қой артық. Соның 7 мың шаршы метрін нақтылап отырмыз. Соны ретке келтіру туралы. Осы ықшамдау есебінен 29 миллион теңгені үнемдейміз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы