431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында аязды күндері өрт қаупі күшейді

  • 1068
  • UPD: 13:22, 06.02.2019
Ақмола облысында аязды күндері өрт қаупі күшейді

Аязға байланысты Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл брифинг өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар жиында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мұндай күндері қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керектігін жеткізді. Мамандардың айтуынша, аймақта жыл сайын қаңтар және ақпан айларында, яғни күн қатты суытқан кездері өрт дерегі жиілеп кетеді екен. Ал олардың басым бөлігі жеке үйлердің үлесінде. Айталық, жыл басынан бері 100-ден астам өрт болып, одан 5 адам қаза тапқан. Көбісінде тілсіз жаудың пайда болуына пештің ақауы себеп болып отыр. Өйткені күн суығанда пешті жағуды тұрғындар күрт үдетеді. Ал бұл ақауы бар пештерге кері әсер етеді.

Айта кетейік, аймақта апта бойы қатты аяз сақталады.

Денис Шелкоплясов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Бізде әрбір екінші үйдің пешінде ақау бар. Бірі ұсақ болса, енді бірі өрескел қате. Әрдайым үй иелерін ескертіп тұрамыз. Бірақ нәтиже шамалы. Мына аяз басылған соң жеке тұрғын үй алабын аралауға қайта шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы