384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Хорватия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

  • 293
  • UPD: 13:44, 06.02.2019
Қазақстан мен Хорватия арасында тікелей әуе рейсі ашылады Trend.Az

Ағымдағы жылы наурыздан бастап Қазақстан мен Хорватия арасында тікелей әуе рейсі ашылады.

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Хорватия Елшісі Рефик Шабанович айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін елдеріміз арасындағы бірінші үкіметаралық комиссияның отырысын өткізуге тырысамыз. Сондай-ақ осы жылдың наурызынан қазақстандықтардың елімізге сапарлауы үшін виза бере бастаймыз және чартерлік рейстер ашылады деп үміттенеміз», – деді Рефик Шабанович.

Хабар 24 телеарнасы