389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Отырарға барды

  • 831
  • UPD: 15:26, 06.02.2019
Мәжіліс депутаттары Отырарға барды

Парламент Мәжілісінің депутаттары Майра Аисина мен Сәкен Өтебаев жұмыс сапарымен Түркістан облысының Отырар ауданында болды.

Сапар барысында депутаттар «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалының кезектен тыс 37-конференциясына қатысты. Онда халық қалаулылары партия мүшелерімен кездесу өткізіп, Елбасы жолдауында жүктелген міндеттердің ауыл-аудандарда қалай жүзеге асырылып жатқанымен танысты. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы фракциясының президиум мүшесі Майра Айсина бас партияның 20 жылдығы жайында кеңінен баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Одан кейін мәжілісмендер шұбат, сүт өнімдерін шығаратын «Отырар сүт-ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Тәулігіне 5 тонна сүт өнімдерін шығаруға қауқарлы кәсіпорын 150-ге жуық адамға жұмыспен қамтып отыр.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шынын айту керек, көп жақсы істер жасалып жатыр. Әлі де жасалатын жұмыстар көп. Халықтың қазір талабы басқаша. Тек мектепті ғана салып қоймай, білімнің сапасын дұрыстау керек. Аурухананы да салып қоймай, қызмет сапасын арттыру керек деген талаптар айтылып жатыр. Бұл жердегі адамдар бизнеске бейімделген. Әйелдерге жаңа технология дегенді үйретіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы