389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана ТЖД өкілдері жеке тұрғын үй иелеріне өрт қауіпсіздігін түсіндіріп жүр

  • 953
  • UPD: 20:36, 06.02.2019

Аяз күшейгенде өрт те жиілейтіні бар.

Қайсыбірін айтайық, себеп деген көп. Астананың өзінде жыл басталғалы осындай 69 оқиға болған. Қалың елдің қабырғасын қайыстырған таяудағы оқиға осы тізімде.

Қазір қалалық Төтенше жағдай департаменті мамандары осындай қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін жеке үйлерді аралап, халыққа өрт қауіпіздігіне қатысты кеңестерін айтып жүр.

«Мұржаны күлден тазартыңыздар». Төтенше жағдайлар департаментінің бұл ескертуін елей бермейтіндер де бар. Сөйтіп опық жейді. Ресми мәліметке қарағанда, Астана қаласында 22 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар. Мамандар жылыту маусымы басталысымен, оларды аралап түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырамыз дейді. Олардың айтуынша, өрт дерегі күн суытқан кезде жиілейді.

Мадяр Мырзагелдиев, ТЖД Алматы ауданы ТЖБ бөлім басшысы:

– Біз үгіт насихат жұмысын жүргізе отырып, тұрғын үй секторларының иелеріне өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Орындамаған жағдайда біз өз құзыретіміз бойынша хат жазамыз. Тағы келіп түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Инспекторлардың міндеті түсіндіру. Одан қорытынды шығарып, қауіпсіздік шараларын күшейту әр тұрғынның өзіне байланысты. «Ал талапты орындамағандарға ешқандай шара қолдана алмаймыз», – дейді мамандар.

Нүркен Жаппаров, қала тұрғыны:

– Оқиға болмау үшін пештің құбырын уақытылы тазалап отыру керек. Біз құбырды тазалау үшін арнайы әдіс ойлап қойдық.

Сонымен төтенше жағдайлар департаменті мамандарының тұрғындарға берген кеңесінің негізі мынадай: Жылыту пештерін ашық-шашық күйде ұстамау. Жас балаларды пеш жанатын үйде қараусыз қалдырмау және үйді жылыту немесе өзге де мақсатта қолдан жасалған электр құрылғыларын мейлінше қолданбау. Негізгі қағидаларды сақтаған адам тілсіз жаудан да аулақ болары анық.

Хабар 24 телеарнасы