383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

  • 485
  • UPD: 07:15, 07.02.2019
Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Жамбыл облысында мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтап тұр. Өндіріс орнында екі аптадан бері шикізат жоқ. Жылына 300 мың тонна қара алтынды өңдеуге қауқары бар кәсіпорында 300 адам еңбек етеді. Мәжіліс депутаттары бұл зауытқа Үкімет тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс деп санайды.

Аймаққа жұмыс сапарымен барған депутаттар бұдан өзге бірнеше  мәселені қозғады. «Нұр Отан» партиясы Жуалы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясына қатысқан мәжілісмендер тарифтерді төмендету, ауыз сумен қамту сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді көтерді. Жалпы өңірдегі 373 елді мекеннің 189-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Тағы 181 ауыл орталықтандырылмаған су көздерін пайдаланады. Ал жыл басынан бері 5 пайызға түскен тариф бағасы күн тәртібінде тұратын маңызды мәселе болмақ.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тарифті кәдімгі азаматтармен бірге талқылап отыру керек деп ойлаймын, ол бір күндік мәселе емес, күнделікті айналысатын мәселе, кейбір ауылдарда ауыз су әлі жетпеген, шешілмеген және жақында ғана Елбасымыз үлкен мәселені көтерді, ол ауылдық жерлердің  ауданаралық жерлердегі халықтың жүретін жолы, осы мәселелерді біз орындауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы