386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде сабақ тоқтатылып, жолдар жабылды

  • 432
  • UPD: 07:59, 07.02.2019
Семейде сабақ тоқтатылып, жолдар жабылды

Қатты аязға байланысты Семейде 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды. Сол сияқты Семей-Қайнар тас жолында бұрқасындатып, жолдың көрінбеуіне байланысты қозғалыс тоқтатылды.

Ал қалада қоғамдық көлік әзірге іркіліссіз жүріп тұр, төтенше жағдай тіркелген жоқ. Әлеуметтік маңызы бар нысандар жұмысы бақылауға алынған. Таңертең сынап бағанасы 35 градус аязды көрсетті.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы