419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да ең суық ауа райы Глубокое ауданында тіркелді

  • 2094
  • UPD: 08:44, 07.02.2019
ШҚО-да ең суық ауа райы Глубокое ауданында тіркелді

Шығыс Қазақстанда қатты аяз салдарынан барлық аудандарда дерлік сабақ шегерілді. Ең суық күн райы Глубокое ауданында тіркелді.

Ол жақта -38  градус аяз тұрды.Семей қаласы мен Үржар,Шемонайха аудандарында сынап бағанасы 34, 35, ал облыс орталығында 33 градус суықты көрсетті. Сондықтан мектеппен қатар колледж оқушылары да сабаққа бармады. Абай, Алтай, Қатонқарағай, Күршім, Көкпекті, Тарбағатай аудандарындада шыңылтыр аяз күшейіп, балалардың мектепке келмеуі туралы ескертілді.

Хабар 24 телеарнасы