427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Наурыз айында Каспий теңізіндегі итбалықтың нақты есебі алынады

  • 1348
  • UPD: 10:39, 07.02.2019

Каспий теңізінің солтүстік жағалауын кешенді зерттеу жұмыстары басталмақ. Оған арнайы жабдықталған ұшақ пайдалану жоспарланып отыр.

Ұшақ әуеден суретке түсіретін жаңа жүйелік кешенмен, арнайы камералармен, аспаптық және визуалды ақпарат жинау үшін борттық автоматтандырылған жүйемен жабдықталады. Зерттеу жұмыстарына Қазақстан балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Микробиология және вирусология институтының және Қазақстан қолданбалы экология агенттігінің ғалымдары қатысады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы