389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана және Қарағанды өткен түні жер бетіндегі ең суық қалалар қатарында болды

  • 811
  • UPD: 12:31, 07.02.2019
Астана және Қарағанды өткен түні жер бетіндегі ең суық қалалар қатарында болды mix.tn.kz

Ақпанның 7-іне қараған түні Астана мен Қарағанды жер бетіндегі ең суық 10 қала қатарына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Wx-now.com-ға сілтеме жасап.

Тізімде алдыңғы үштікте Шеперд (Канада), Сургут (Ресей) және Лейк (Канада) қалалары тұр. Қарағандыда сынап бағанасы ауа температурасы 38 градус төмен болғанын көрсетті. Астана 11-орынды иеленді. Қалада ауа температурасы -37 градус болды. Тізімде 15-орынға АҚШ-тың Солтүстік Каролинасында орналасқан Кеймбридж-Бей қаласы тұрақтады.

Астананың Білім басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері 7 қаңтарда бірінші аусымда мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ өткізілмейтінін хабарлаған. Астанада алдағы күндері ауа райы суық болатындығы хабарланған. 7 қаңтарда бұлтты, жауын-шашын болмайтыны айтылды. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 2-7 метр болатыны айтылды. Түнгі уакытта ауа температурасы -35 -37 градусты көрсетіп тұр, таңғы уақытта -25-27 градус. Синоптиктердің мәліметінше тек сенбі күні ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендейді.

Хабар 24 телеарнасы