383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жастардың тең жартысына жуығы жұмысқа орналасуда қиындық көреді

  • 564
  • UPD: 14:22, 07.02.2019

Алайда бұл мәселе әлемде де өткір тұр. Дүние жүзі бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші бүгінде 13 пайыз.

Ал кей мемлекеттерде тіпті 40 пайызға дейін жетіп отыр. Сенатта өткен басқосуда Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәселе көтерді. Айтып ғана қоймай, түйткілді шешу жолдарын ұсынды. Бірінші кезекте жастардың кәсіпкерлікке қабілеттігін арттыру керек. Бірақ әлеуметтік зерттеуге сүйенсек біздің жастардың 51 пайызы бизнеспен айналысуды жоспарламайды. Құлшыныстың төмендігін Сенат төрағасы мүмкін елімізде бизнеспен шұғылдануға қажетті жағдай жасалмауынан болар деп пайымдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жастарды кәсіпкерлікке ынталандыру үшін «Бизнесті дамытудың -2020» жол картасы аясында тегін гранттардың санын 2 есеге арттыру қарастырылған. Сондай-ақ жастар стартаптарын қорғау қоры құрылып жатыр. Әрбір өңірде жастарды бизнестің қыр-сырына баулитын «жас кәсіпкер» бағдарламасы әзірленеді. Ол өзін өзі еңбекпен қамтып отырған және білімі бар бірақ жұмыс істемейтін 100 мың жасты қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы