389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жастарды баспанамен қамту мәселесі жүйелі түрде жүргізіледі

  • 1533
  • UPD: 15:12, 07.02.2019

Жастар жылының ашылуында Мемлекет басшысы үш ірі мегаполис Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін 1 мың пәтер салынуы тиіс деген бастама көтерген болатын. Жастарды қанаттандырған бұл бастама Алматы жастары үшін қандай мүмкіндіктер бермек? 

Алматы қаласында жастарды баспанамен қамту шаралары екі жыл бұрын қолға алынған. «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 2017 жылы 7 мыңға жуық өтініш түсіп, талапқа сай келген 108 жас отбасы баспаналы болды. Бағдарламаға деген жастардың қызығушылығын ескерген қала билігі, 2018 жылы қала бюджетінен 2 миллиард теңге бөліп, тағы да 130 жас қоныс тойын тойлады.

Айбек Сайделдаев, Алматы қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінде республика бойынша екінші деңгейлі банктердің қатысуымен «7-20-25» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр.  Соңғы мәліметтер бойынша, жалпы құны 10 млрд. теңге болатын 800 өтініш қолдау тауып пәтерге ие болды. Олардың 80 пайызы, шамамен 670 өтініш 35 жасқа дейінгі жастарға тиесілі. Елбасының жастарды баспанамен қамту бастамасы бойынша алдағы уақытты «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізілмек.

Бұл әрине қуанарлық жағдай. Дегенмен, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің өкілдері жастарға баспана беру шарттарын әлі де жеңілдету керек деп санайды.

Дәурен Бабамұрат, Алматы қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

- Баспананы алу мүмкіндігін әсіресе жас отбасылар үшін әлде де жеңілдету керек. 000440 қайта сатылымға шыққан үйлерді сатып алуға мүмкіндіктер беру керек. 000459 Бұл біріншіден қаланың созыла беруін шектейді. Екіншіден, қаланың ортасында тәп тәуір үйлер бар. Бағасы да төмен. Инфрақұрылым да жақын. Қаланың ортасында. Ескі үй болдғандықтан, оны сатып алуға жаңа бағдарламалар мүмкіндік бермейді. Сондықтан осы шартты қарастырып, қайта сатылымға шыққан үйлерді сатып алуға мүмкіндік беретін болсақ, бұл жастар үшін үлкен көмек болатын еді.

Жастар қаласы саналатын Алматыда бүгінде 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта 700 мыңнан астам жас буын өкілдері тұрады.

Автороары: Гүлжан Көленқызы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы