378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жедел жәрдемге көмектескен өскемендік полицейлер желіні шулатты

  • 421
  • UPD: 14:34, 07.02.2019

Өскеменде көшенің ортасында бұзылып қалған жедел жәрдем көлігін жолдың жиегіне шығаруға көмектескен полицейлер желіні шулатты, деп хабарлайды Алтайньюс.

Жүргізушілер көмек қолын созған екі тәртіп сақшысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Медициналық көлік Қазақстан көшесімен келе жатып, бұзылып қалған көрінеді.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны қызу талқылап жатыр. Көпшілігі жедел жәрдем көлігінің сапасыздығын айтып, наразылық танытуда.

«Кімдерге жаңа көлік керек екенін көрдіңдер ме?» – деп жазды желідегілердің бірі.

 

Хабар 24 телеарнасы