389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі сайлау комиссияларының құрамы 40% жаңартылды

  • 813
  • UPD: 22:09, 07.02.2019

Жаңадан сайланған адамдардың 70 пайыздан астамының сайлау учаскелерінде жұмыс тәжірибелері бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы барысында сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Дәурен Ысқақов мәлімдеді. Айтуынша, 2014 жылмен салыстырғанда комиссиялардың саны 3105-ке азайған. Бұдан бөлек жиында өткен жылы атқарылған жұмыс қорытындысы баяндалды. Былтыр сайлау комиссиясында 15 отырыс өтіп, 37 шешім қабылданған. Сонымен қатар 14 заң актісі әзірленіп, оның 13-і үкіметтің қаулысымен, ал біреуі Мемлекет басшысының жарлығымен бекітілді.

Дәурен Ысқақов, ҚР ОСК сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі:

- 5-10 қаңтарға дейін 232 аумақтық сайлау комиссиясы, 9970 учаскелік сайлау комиссиясы. Аумақтық сайлау комиссиялары 2 адам тұрақты негізде жұмыс атқарады. 464 жаңа жұмыс орны ашылды.

Хабар 24 телеарнасы