378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда қарттар үшін белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

  • 1607
  • UPD: 22:04, 07.02.2019
Қарағандыда қарттар үшін белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

Мұнда келгендер уақытын тиімді өткізе алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге бұл орталықтың елімізде баламасы жоқ. Зейнеткерлер үшін арнайы клубтар жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапхана, жаттығу залы мен заңгер және психолог мамандар қабылдайтын кабинет бар. Орталықта қазақ және ағылшын тілін ақысыз оқуға болады. Елімізде алғаш рет пайда болған орталық «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жобаның нәтижесі. Достық үйінде орналасқан орталық әзірге 65 орынға шақталған. «Сұраныс болып жатса, мұндай мекемелер қаланың басқа да аудандарынан ашылады», – дейді ұйымдастырушылар.

Сәлима Нұрмағанбетова, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің мүшесі:

- Қария адамдар, үлкендер балалар мен жастарға тәрбие беруге белсенді қатысып жүр. Ал сондай жұмыс атқару үшін жақсы денсаулық керек. Денсаулықты нығайтуға бұл орталықтың көмегі болады деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы