389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде балалардың құқықтарын қорғайтын кеңес құрылды

  • 1298
  • UPD: 22:48, 07.02.2019

Елімізде балалардың құқығын қорғауға арналған цифрлық әлеуметтік платформа құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы интернет-портал таяуда игілікке берілуі тиіс. Онда көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар өздерінің әлеуметтік мәселесі жайлы жазып, мемлекеттік органдардан жауап алады. «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес жақын арада осы секілді бірқатар игі істерді қолға алмақ. Кеңес ірі еріктілер желісін құрып, әлжуаз отбасыларға заңгерлік көмек көрсетуді де жоспарлап отыр. Өңірлерде өкілдіктері ашылады. 

Дәулет Кәрібек, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің мүшесі:

- Ең бірінші, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер, екіншіден, оқиғалардан хабарға шыға алатын портал болады. Үшіншіден, көпбалалы отбасыларға, жағдайы нашар отбасыларға балалардың құқығын қорғау бойынша ұсыныстарды бере алатын портал болады деп ойлаймыз.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасының тапсырмасымен партиямыздың жанынан осындай балалардың құқығын қорғайтын кеңесті құрып отырмыз. Кеңестің басты мақсаты – балалардың құқығы мен мүддесін жан-жақты қорғап, олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмектесу. Осы бағытта Үкіметпен, әкімдермен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы