427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында жедел жәрдем көлігі жетіспейді

  • 1262
  • UPD: 22:02, 07.02.2019
Түркістан облысында жедел жәрдем көлігі жетіспейді

Түркістан облысында медициналық қызметкерлер жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе ауыл-аймақтарда гинеколог пен педиатр тапшы. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Мұқан Егізбаевтың айтуынша, бұл мәселе дәрігерлерге берілетін бір реттік үстемақының көлемін арттыру арқылы шешіледі. Облыстық мәслихат осы ұсынысты қарап жатыр.

Жалпы, Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша алда келеді. Қазақстандағы әрбір 4-сәби осы өңірде дүниеге келеді. Ал нәресте өлімі бойынша 6-орында. «Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға төмен», – дейді басқарма басшысы. Өңірдегі денсаулық сақтау саласының жұмысы толықтай сандық жүйеге көшіріліп, әрбір тұрғынның электронды паспорты жасалған. Медициналық мекемелер компьютермен қамтылып, 100 пайыз интернетке қосылды. Алайда халқы тығыз орналасқан өңірде әлі де жедел жәрдем көлігі жетіспейді. 

Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жедел жәрдем көлігі жетіспейді. Ол үшін арнайы кәсіпкерлерді тартып жатырмыз. 150-і сол жақтан, 61-і Денсаулық сақтау министрлігінен келсе, барлығын қосқанда облыс жедел жәрдем қызметіне 100 пайыз қол жеткізетін болады.

Хабар 24 телеарнасы