424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Сергек» жүйесі ЖҚЕ бұзу оқиғасының 400 мыңнан астамын анықтады

  • 951
  • UPD: 21:53, 07.02.2019
Астанада «Сергек» жүйесі ЖҚЕ бұзу оқиғасының 400 мыңнан астамын анықтады

Бейнебақылау камераларының көмегімен өткен жылы 69 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, мыңнан астам қылмыс ашылды.

2018 жылы «Сергек» жүйесінің камералары жол қозғалысы ережесін бұзудың 424 мың оқиғасын анықтады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл сайын бейнебақылау камералары орнатылады. Бейнекамералар орнатылған жерлерде құқықбұзушылықтар санының кемігенін байқауға болады. Әкімдіктің қолдауымен қалада құқықбұзушылықтың алдын алу үшін 5 мыңнан астам камера орнатылды, оның 420-сы «Қауіпсіз аула» бағдарламасының, 4 мыңнан астамы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының аясында, ПИК және тұрғындардың өздерінің қаржысы есебінен орнатылды», – деді халыққа есеп берген Астана полициясы департаментінің бастығы Марат Қожаев.

Оның мәліметінше, 2018 жылы «Сергек» жүйесінің камералары жол қозғалысы ережесін бұзудың 424 мың оқиғасын анықтады. Бейнебақылау жүйесін енгізу елорда жолдарындағы ЖКО санын 2017 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Хабар 24 телеарнасы