421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбедегі Алматы ауданы әкімдігінде «Оpen space» кабинеті ашылды

  • 2118
Ақтөбедегі Алматы ауданы әкімдігінде «Оpen space» кабинеті ашылды

Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданы әкімдігінде «Оpen space» кабинеті ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша аптасына бірнеше рет қабылдайды. Оған алдын ала тіркелудің де қажеті жоқ. Аптаның белгіленген күндері кез келген уақытта келуге болады. Кабинеттің ерекшелігі, қабырғасы тұтастай әйнектен салынған. Бұл жоба «Ақтөбе - адалдық алаңы» бағдарламасы аясында іске асты. Оның мақсаты - жемқорлықпен күресіп, кәсіби қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешіп, әкімдердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Алғаш болып қабылдауға келген Еділ Нұрпейіс өзі тұратын ауданда шағын саябақ ашқысы келетінін айтты. Аудан әкімі бұл ұсынысты қолдап отыр.

Еділ Нұрпейіс, қала тұрғыны:

– Әкім көмек беретінін айтты. Халық болып бір талдан ексек те, өзімізге жақсы емес пе?! Болашақта саябақ болады, жеміс бағына шамамен жоспар жасап қойдым, соны әкімге көрсетейін деп едім.

Ақансері Сұлтанбеков, «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары:

– «Адал Ақтөбе» жобасы аясында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Алға ауданында ашылды. Екінші осы Алматы ауданында ашылып отыр. Одан бөлек, біз әлеуметтік сала мекемелері мен өңіріміздегі мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінде ашуды және басшыларды бірінші қабатқа, яғни кедергісіз кабинеттерге түсіруді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы