418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Қыз бен теңіз» фильмінің тұсауы кесілді

  • 1859
Астанада «Қыз бен теңіз» фильмінің тұсауы кесілді

Елордада «Қыз бен теңіз» фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік бағыттағы туындыға Динара Шәріпова есімді бойжеткеннің тағдыры негіз болған. Картинада оның өзі басты рөлді сомдайды. Бойжеткен церебральды сал ауруына шалдыққан. Дегенмен өмірдің сынағына мойымай, отбасын құрып, толыққанды өмір сүруді армандайды. Сол үшін талмай күреседі. Фильм 2017 жылы Алматы мен Қапшағайда түсірілген. Бір ерекшелігі, рөлдерді кәсіби актерлер емес, мүмкіндігі шектеулі жандар сомдайды. Фильм режиссерлері Мұхамед Мамырбек пен Әзизжан Заировтың айтуынша, картина көрерменге кембағал жандардың күнделікті проблемаларын ашып көрсетеді.

Әзизжан Заиров, фильмнің режиссері әрі продюсері:

– Осындай фильмдердің арқасында біз мүмкіндігі шектеулі жандардың өзіне деген сенімін арттырып, қоғамда еркін өмір сүруіне көмектесеміз. Сонымен қатар көрерменді олардың өмірімен жақынырақ таныстыруды көздейміз.

Хабар 24 телеарнасы