419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қатты аяз: «Имам такси» қызметі тұрғындарды тегін тасымалдап жүр

  • 1004
  • UPD: 13:10, 08.02.2019
ШҚО-да қатты аяз: «Имам такси» қызметі тұрғындарды тегін тасымалдап жүр tatar-inform.ru

Шығыс Қазақстан облысында сары аяз әлі сақылдап тұр.

Кейбір аудандарда өткен түнде ауа температурасы 42 градусқа дейін төмендеді. Сондықтан бүгін аймақтағы барлық ауданда орта мектептердің екі ауысымы мен коллеждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтады. Алматы-Өскемен республикалық тасжолының Аягөз ауданындағы бірнеше бөлігі жабылды. Қатты суықтың кесірінен Өскемендегі қоғамдық көліктер де кестеден кешігіп жатыр. Сондықтан жеке көлігі бар азаматтар аялдамалда автобус күтіп тұрғындарды жолай алып кетіп жатыр. Ал Халифа Алтай атындағы облыстық орталық мешіті соңғы бір аптада «имам такси» қызметі мен ыстық шай мен бауырсақ ұсынуда. Қазір қала бойынша 20-30 тұрғындарды тегін тасымалдап жүр. Сондай-ақ бүгіннен бастап қаладағы 46 автобус та тегін болмақ. Бұған да орталық мешіт қызметкерлері ұйтқы болды.

Хабар 24 телеарнасы