445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ажырасу процесіне психолог мамандар да жұмылдырылып жатыр

  • 1142
  • UPD: 16:32, 08.02.2019
Астанада ажырасу процесіне психолог мамандар да жұмылдырылып жатыр elorda.info

«Отбасылық сот» пилоттық жобасының жұмысы туралы Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қуанышбай Әлжіков мәлім етті, деп хабарлайды Елорда инфо.

«Азаматтық сотта жиі қаралатын істердің бірі - отбасына қатысты, яғни ажырасу, бала асырап алу деген секілді. Әсіресе, ажырасу кезінде баланы кімге қалдыру мәселесіне қатысты көп келіспеушіліктер туындайды. Осы мақсатта өткен жылдан бастап «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жұмыс істейді. Аталған мәселемен бұрын тек қана судья айналысса, ендігі уақытта психолог қызметі де тартылуда, - деді ол.

Оның айтуынша, пилоттық жоба басталғалы Астана қалалық сотында отбасына қатысты 457 іс қаралып, оның 176-сы, яғни 38%-ы татуласумен аяқталды.

«Психолог мамандарға арнайы кабинет қарастырылған. Сондай-ақ, балаларға арналған бөлме де бар. Бұл қызметті педагогикалық жоғары білімі бар мамандар (психолог, әлеуметтік маман) атқарады. Біз бұл әдіс туралы Германияға жұмыс бабымен барғанда білдік. Міне ендігі уақытта өз елімізде жүргізудеміз, мұндағы мақсат - отбасыны сақтап қалумен қатар, баланың зардап шекпеуін қамтамасыз ету. Осы мәселелер «Отбасылық сотта» басты назарда болады. Пилоттық жоба әзірге Алматы аудандық сотында жүргізілуде», - деді Қ.Әлжіков.

Хабар 24 телеарнасы