413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Түркістан көгілдір отынмен 50 пайызға қамтамасыз етіледі

  • 1501
  • UPD: 18:21, 08.02.2019

Биыл Түркістан қаласы 50 пайыз көгілдір отынмен қамтылады. Ал 2020 жылы толық газдандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы шаһар басшысы Әліпбек Өсербаев мәлімдеді. Естеріңізде болса, осыдан үш ай бұрын біздің тілшілеріміз рухани қаланың 24 пайызы ғана көгілдір отынмен қамтылғаны жайында материал берген болатын. 

Қала үлкейіп, халқының саны өскен сайын коммуналдық қажеттіліктің де артатыны белгілі. Өткен жылдың күзінде Түркістан шаһарын газбен қамту жұмыстары көңіл көншітпейтіні жайында айтқан болатынбыз.

Ол кезде қалада 34 мың 569 абонент болса, соның 24 пайызы ғана көгілдір отынмен қамтылған болатын. Киелі шаһардың облыс орталығы болуына байланысты коммуналдық мәселелерде өз шешімін тауып, жүйелі жұмыстар қолға алына бастады. Бүгін қала әкімі Әліпбек Өсербаев шаһарды 100 пайыз газбен қамтамту мақсатында қолға алынып, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Әліпбек Өсербаев, қала әкімі:

- Бүгінгі таңға қала халқын табиғи газбен қамту мақсатында 2-3 кезеңнің жобалары, яғни 11 жоба дайындалып, құны 20 млрд болатын құрылыстың жұмыстары басталды. Биыл осы мақсатқа 4 млрд 545 мың теңге бөлініп, халықты газбен қамту көрсеткіщін 50 пайызға жеткізу жоспарлануда. 2020 жылы қала халқы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады.

Сондай-ақ шаһарды сапалы электр жарығымен қамту үшін тағы да 3 шағын электр станциясы салынады. Сол кезде жаңа облыс орталығы жарыққа деген тәуелділіктен арылады.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Бұдан бөлек Түркістан қаласында жолаушылар тасымалымен айналысатын 210 қоғамдық көлік болса, олардың жартысына жуығы ескірген. Биыл солардың 70 пайызға жуығы үкімет бекіткен автобустық тасымалды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған "жол картасы" бағдарламасы аясында кезең-кезеңімен жаңартылатын болды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы