423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да жүргізушілер жаяу халықты көлігімен тегін тасымалдап жатыр

  • 1342
  • UPD: 11:18, 10.02.2019

Елорда бастаған игі істі ел аймақтарды қостады. Солтүстік қазақстандықтар сақылдаған сары аязда сауапты іс жасап жүр. Өңір тұрғындары жаяу жүргіншілерді тегін тасып, қатып қалған көліктерін оталдырып береді. Игі шараға біздің арнаның ұжымы да үн қосты. 

Қазір әр үйдің алдында осындай көрініс. Әсіресе таңертең. Жүргізушілер бір-бірінің бір ауыз сөзін жерге тастамай, қатып қалған көліктерін оталдырып береді. Кейбіреуі темір тұлпарына тиіспей, жаяу жүр.

Александр Антоненко, қала тұрғыны:

- Өзім де осындай жағдайға түсіп қаламын. Сондықтан бір-бірімізге көмектескен жөн. Жүргізушілер қағидасын ұмытпайық.

Күннің суығы, адамдарға жылулық сыйлағандай. Ел арасында «Жақсылық жаса» акциясы бастау алып, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Жақсылық жасасаң - өзіңе. Біз де қала көшелеріне шығып, аялдамаларда осы аязда тоңып тұрған адамдарды үйлеріне апарып тастауға шықтық.

Далада 35 градус суық. Қала тұрғыны Асқар Хамзин зайыбымен бірге зейнетақы алып, базардан сауда жасап келеді. Өзінің көлігі оталмаған. «Аялдамада тоңып қалдық», - дейді ол.

Асқар Хамзин, қала тұрғыны:

- Суықтың аты суық. Қанша тұрсаң да тоңасың ғой. Далада жүрміз ғой. Біздің машина бар. Но тұр ол, завадть ете алмай тұрмыз 3 күн болды уже. Лучше мен шыдайын. Автобуспен барып келейін. За то меньше проблем, бас ауырмайды. 

Бір сағатта 5 адамды үйіне апарып, алғыс алдық. Бастысы ол емес. Бұқараның бір-біріне жақсылық жасауы. Мейірімге бөленген адамдар аязда тоңса да, жүректері жылынды.   

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

-Саршұнақ аязда ыстық су да ауада қатып қалады. Синоптиктердің айтуынша, енді күн жылынады. Сондықтан отшашу жасап көрейік.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы