387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақтелеком» өткізген форумда цифрлық таңбалау тәжірибесі талқыланды

  • 684
  • UPD: 22:13, 08.02.2019

Еліміз 2020 жылдан бастап басымдық берілген тауарларды таңбалау және қадағалау шараларын толық ауқымда жүргізе бастайды. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен  халықаралық форумда айтылды. Жиында осы бағыттағы Еуразиялық экономикалық одақтың тәжірибесі қаралып, оның аясында сауда-саттықты дамыту, бәсекеге қабілетті бизнес ортаны қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Тауарды цифрлық таңбалау мен қадағалау сауда айналымын арттырып, заңды нарыққа жол ашады. Көлеңкелі экономиканың алдын алады. Бәсекелестік шарттарын теңестіруге және Еуразиялық Экономикалық Одақ  аясындағы бизнестің дамуына да сеп.  Нәтижесінде халық қауіпсіз, сапалы тауармен қамтамасыз етіледі.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- 2017 жылы  Қазақстанда іске қосылған тері бұйымдарын таңбалаудың пилоттық жобасы қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже көрсетіп, салық түсімдерін 40 процентке арттырған. Әсіресе, Қазақстан экономикасындағы контрафактілер көлемінің 1 пайызға қысқаруы заңды бизнеске жол ашады. Тек бөлшек сауданың өзінде 100 млн доллардың тауары заңдастырылады. 

Тауарды цифрлық таңбалау мен қадағалау жұмыстарына  өндіруші ғана жауапты болмауы тиіс. Бұл өте ауқымды жүйе. Оған нарықты қалыптастырушылардың барлығы атсалысуы керек.

Бикеш Құрманғалиева, «Қазақтелеком» АҚ АКТ Қызметтері жөніндегі басқарушы директоры:

- Жақын арада тауарды таңбалауға қатысты заң шығады. Заң байқау негізінде  біріңғай операторды анықтауға мүмкіндік бермек. Оған «Қазақтелеком» да қатысады. Таңбалау тауарды сөреге түскенге дейін қадағалаумен шектелмейді. Оның бірінші кезекте халық үшін, экономика үшін қажет екенін баса айтқым келеді.

Әлемдік нарықта дәрілік заттар, темекі өнімдері, минералды су, алкогольсіз сусындар, тамақ өнімдері және азық түрлері, сондай-ақ зияткерлік меншік нысандары  таңбалауға жатады. Оны бірқатар дамыған елдер табысты қолданып келеді. Бұл үрдісті Қазақстан да қолдайды.

Хабар 24 телеарнасы