386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бойынша қаңтарда тілсіз жаудан 25 адам ажал құшқан

  • 633
  • UPD: 16:44, 09.02.2019
Қазақстан бойынша қаңтарда тілсіз жаудан 25 адам ажал құшқан

Еліміз бойынша қаңтарда өрттен 25 адам ажал құшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

26 азамат түрлі дәрежеде жарақат алды. Өткен айда тұрғын үйлерде 509 өрт дерегі тіркеліпті. Мұндай деректі төтенше жағдайлар комитетінің мамандары айтты. Ведомство өкілдері бүгінгі таңда тұрғын жайларды аралап, адамдарға пеш жағу кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіріп жүр. Жалпы жылыту маусымы басталғалы комитет қызметкерлері ел бойынша бір жарым миллиондай шаңыраққа барып, үй иелеріне ережелер жазылған қағаздарды таратқан. Бұдан бөлек, жеке тұрғын үйлерге ыс пен түтіннен қорғайтын датчиктер және газ құрамын анықтайтын құрылғылар орнатылып жатыр. Бұл іске үкіметтік емес және коммерциялық ұйым өкілдері де атсалысып жүр. Қондырғылар бірінші кезекте әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көп балалы отбасыларға беріледі. Ыс пен улы газдан қорғайтын аппараттар осы күні Шығыс Қазақстан, Түркістан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Алматы қаласындағы үйлерге орнатылып жатыр.

Марат Хасенов ҚР ІІМ ТЖК басқарма бастығы:

– Қауіпті аумақтарды анықтадық. Төтенше жағдай болуы мүмкін жерлер белгілі. Демалыс күндері адамдар үйлерінде болатындықтан, комитеттің, өңірлердегі департаменттердің барлық жеке құрамы тұрғын жайларды аралап, азаматтарға пеш жағу барысында ескерілуі тиіс ережелерді түсіндіріп жүр.

Хабар 24 телеарнасы