421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жас кәсіпкерлерге 1 млрд теңгеге жуық несие беріледі

  • 1250
  • UPD: 22:43, 10.02.2019

Ақтөбеде ісін жаңа бастаған бизнесмендерді қолдау мақсатында 1 млрд теңгенің шағын несиелері беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша өткен жылы 95 адам өз кәсібін ашқан.

Жас отбасылар қоныстанған ауданда Балаларды дамыту орталығы ашылды. Мұнда бүлдіршіндерге бірнеше тіл үйретеді. Заманауи балабақшаға 2 жастан бастап қабылдайды. Қазір 80 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбие мен білім алып жүр.

30 жыл балабақшада еңбек еткен Мира Жиенбаева бала тәрбиелеу ісінің бар әдісін біледі. Жаңа ауданға мектепке дейінгі мекеменің керек екенін біліп, жеке балабақша ашуды қолға алды. Тәрбиешіден кәсіпкерге айналған оған мемлекеттік бағдарлама арқылы 10 млн теңге жеңілдетілген несие берілді. Несиенің жылдық үстемесі – 6 процент.

Мира Жиенбаева, Балаларды дамыту орталығының директоры:

- Сол несиеме балабақшаны жөндеу жұмыстарын жүргіздім. Жиһаздармен толық қамтамасыз еттім. Сыртта ойын алаңын толық қамтамасыз еттім. Менің жұмысым алға басып, балабақша қазір жұмыс жасауда. Балабақшада мамандар жұмыс жасайды. Олар: логопед маманы, би өнерінің маманы, ән сабағынан беретін маман.  

Орталыққа 15 адам жұмысқа тұрды. Кәсіпкер биыл тағы бір балабақша ашуды жоспарлап отыр. Былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 95 адам 835 млн теңге жеңілдетілген несие алған. Көбі қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы саласында кәсіп бастаған.

Гүлзабира Бисембаева, қалалық еңбекпен қамту орталығының бас маманы:

- Сонымен қатар мемлекеттік гранттар 19 адамға 4,2 млн теңге көлемінде берілді. Негізгі бағыттары компьютерлік қызмет көрсету, тігін шеберханасымен айналысу мақсатында, дәнекерлеу цехын ашу мақсатында берілді.

Одан бөлек өткен жылы 100-ден астам ақтөбелік кәсіпкерлік негіздері курсын оқып, бизнестің қыр-сырын үйренген.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы