383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда әлеуметтік мәселелер картасы жасақталды

  • 880
  • UPD: 22:12, 11.02.2019

Ұлтттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік мәселелер картасын жасақтады. Бұл жүйе ғаламтордағы «Менің атамекенім» порталы арқылы жүзеге асырылды. Енді кез келген азамат электронды жүйе арқылы өз проблемасын ашық айтып, көмек сұрай алады.

Тұрғындар «Менің атамекенім» платформасына кіріп, «Көмек қажет» деген жазуды басып, өзі туралы қысқаша мәліметті толтырып, арнайы өтінішін жібереді. Мұнда ақшалай көмек және емделуге қажет қаржы, баспана мәселесі болмаса тұрмыстағы кез келген проблемаға арналған тетіктер көрсетілген. Әлеуметтік мәселелер картасы жобасына қазірдің өзінде 18 мыңға жуық тұрғын өтініш білдіріп үлгеген. Оның басым бөлігі баспана жайы бойынша хабарласқан.                 

Эльдар Жұмағазиев, ҚР ҰКП төрағасының орынбасары:

- Қазір, бірінші кезекте баспана тауқыметін тартып отырған отбасылардың нақты санын анықтап жатырмыз. Олардың арасындағы нағыз қиындық көріп отырған және көп балалы отбасыларды бастапқы  кезекке қойып, солардың проблемасын шешуге қамданып жатырмыз. Көмек ең алдымен осындай жандарға көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы