376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Табиғатқа жанашыр алматылықтар дүкенге матадан тігілген дорбамен барып жүр

  • 1277
  • UPD: 23:41, 11.02.2019

Алматылық жас IT-маман Айбек Рахым командаластарымен бірге жасаған мобильді қосымшаның көмегімен елдегі тұрмыстық қалдықтардың мәселесін шешуге атсалыспақ.  «Тазалық» деп аталатын қосымша халықты үйден шыққан қоқысты сұрыптауға үйретіп, тіпті азын-аулақ ақша табуға ынталандырады. 

Алматылық Бақтияр мен Алтынайдың өзіндік өмір сүру философиясы бар. Олар қағаз майлық қолданбайды. Дүкенге тек матадан жасалған дорбамен, кофеханаға өздерінің ыдыстарымен барады. Ал тұрмыстық қалдықтарды міндетті түрде сұрыптайды.  

Бақтияр Баденов, қала тұрғыны:

- Барлығын реттеп, әртүрлі қорапқа жинаймыз. Толған соң апарып өткіземіз. Біз өзімізден кейінгі ұрпаққа, немере-шөберелерімізге мұраға таза табиғатты қалдыруымыз керек деп есептеймін. 

Стартап жобаның негізгі мақсаты Бақтияр мен Алтынай секілді табиғат жанашырларының санын көбейту. Бұрын қалдықтарды қайда өткізем, қалай барам деген сұрақ туындаушы еді. Енді «Тазалық» мобильді қосымшасының көмегімен қаладағы қалдық қабылдайтын орындар туралы барлық ақпарат қолжетімді болып отыр.

Айбек Рахым, «Тазалық» мобильді қосымшасының авторы:

- Бізде пунктар көп болғандықтан осы жерде ең жақынын таңдауға болады. Сосын мұнда фильтр дейді. Яғни қоқыстың түрлері. Макулатура, пэт, жаңағы алюминий банка дейді. Мысалы пэт деген не екен? Басасыз, түсінбесеңіз мұнда шығады пэт деген осындай-осындай қоқыстың түрі. Пэ деген ол осындай-осындай қоқыстың түрі деп адамдарға үйретеді. Сол жерде неше түрі бар. Мысалы, текстиль, батарейки сол жерге тапсыра аласыз.

Әзірге «Тазалық» мобильді қосымшасын 15 мыңнан астам адам жүктеген. Бұл үлкен қала үшін көп емес. Сондықтан Айбек Рахымның командасы әртүрлі компанияларда экология тақырыбына арнап дәріс оқып жүр. Нәтижесінде 50-ден астам компания өз кеңеселерінде қоқысты сұрыптап салатын контейнер орнатқан. Мұндай дәрістердің пайдасын қабылдау пунктінің мамандары да мойындап отыр. 

Айдын Әкебаев, қоқыс қабылдау пунктінің менеджері:

- Бастапқыда аз болатын. Қазіргі таңда адамдар үйреніп жатыр. Қазір күнде көп алып келеді деуге болады. Айына шамамен 9-10 тоннадай жиналады бір пункте. Бізде макулатураның килограмы 20 теңгеден, целофан, пластик бутылкалар килограмы 15 теңдеген, ал алюминий банка 30 теңгеден.

Тиын-тебен екен деп елемейміз ғой. Бірақ, Алматыдан жыл сайын 2,5 миллион текше метр тұрмыстық қалдық шығарылатынын қаперімізде ұстасақ. Бұл шамамен тоғыз қабатты 300 үйдің орнын алады екен.

Айбек Рахым, «Тазалық» мобильді қосымшасының авторы:

- Жалпы орта статистика бар. 60 килограмм макулатураны қайта өңдеуге тапсырса адам ол бір ағашты сақтайды.

Мобильді қосымша арқылы неғұрлым көп қалдық өткізсеңіз сіздің онлайн-ағаштарыңыз биіктей түседі. Бұдан өзге арнайы бонус та қарастырылған. Тіпті көп қалдық өткізгендер Алматы саябақтарының біріне көшет егіп, сол ағашқа өзінің атын бере алады. Жоба авторлары  болашақта «Тазалық» мобильді қосымшасын еліміздің өзге қалаларында да насихаттауды жоспарлап отыр. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы