387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында Жабай өзенінің біраз бөлігі тазаланды

  • 719
  • UPD: 15:28, 12.02.2019
Ақмола облысында Жабай өзенінің біраз бөлігі тазаланды

Атбасардағы Жабай өзені көктемде арнасынан аспауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік өкілдері биыл осындай болжам жасап, үміттеніп отыр. Оған негіз бар. Мәселен, өткен жылы су тасқының алдын алу мақсатында Жабайды жағалай топырақтан тұрғызылған қорғаныс бөгетінің бұзылған 6 жері қалпына келтіріліп, қауіпті деген тұстары нығайтылған. Сондай-ақ Атбасар-Қима тас жолының бойынан секундына 40 текше метр суды өткізе алатын құбыр салынды. Ал су деңгейін бақылау үшін осыдан бірнеше жыл бұрын көпірлерге бейнекамералар орнатылды. Ең бастысы, өзеннің арнасы күл-қоқыс пен ағаштардан тазартылып, табаны тереңдетілген. Синоптиктердің айтуынша, дәл қазір Жабай өзеніндегі қардың мөлшері – 475 млн текше метр. Бұл қалыпты деңгейден 35 процентке аз. Сондықтан биылғы көктем бірқалыпты өтеді деген үміт зор.

Марат Асқаров, Атбасар қаласының әкімі:

- Біз, бірінші кезекте, өзеннің Алматы-Екатеринбург халықаралық тасжолы мен теміржол көпірі арасындағы аумақты тазаладық. Бұл – 3 мың метр жер. Ал өзеннің табанын 1 метрге дейін тереңдеттік. Бұл жұмыстар жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен жүргізілді. Яғни әкімдіктен бұған ешқандай қаржы қарастырылмаған.

Хабар 24 телеарнасы