425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сырдария өзенінің бойы толық бақылауға алынды

  • 3218
  • UPD: 15:28, 12.02.2019
Сырдария өзенінің бойы толық бақылауға алынды

Бұл шаралар су тасқынының алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен қазіргі таңда өзен жағдайына алаңдауға негіз жоқ. Өйткені су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бүгінде Шардара су қоймасынан секундына небәрі 600 текше метр су түсіп жатыр. Оның 400 текше метрі «Көксарай» су реттегішіне алынуда.

Айта кетейік, Сыр өңірінде өткен жылы өзен бөгетіндегі 26 қауіпті учаске нығайтылды. Сондай-ақ Сырдарияның су жайылуы мүмкін 56 аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. «Төтенше жағдай кезінде жұмылдырылатын техникалар мен жұмыс күші де дайын», – дейді мамандар.

Асылбек Шәменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы:

- «Қазавиаспас» АҚ келісімшартқа отырған 2 тікұшағымыз дайындыққа келтірілген. Басқа да инерттік материалдар, қаптық тараларымызда барлығы жасақталған. Қазіргі таңда дария өзеніндегі судың деңгейі бірқалыпты.

Хабар 24 телеарнасы