432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда екі көшеден жаңадан суағар салынады

  • 1031
  • UPD: 15:28, 12.02.2019
Петропавлда екі көшеден жаңадан суағар салынады

Петропавлда биыл жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асатын жаңа суағар жүйесі салынатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жұмыстар қала шетінде орналасқан «Жұмысшы кентінде» атқарылмақшы. Өйткені жылда көктемде Украинский және Панфилов көшелерін еріген қар суы басып, тіпті жер үйлерге кіретін. Аталған мәселе биыл шешімін таппақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 320 миллион теңге қаржы бөлінді. Жұмыс сәуір-мамыр айларында басталмақ.

Жалпы, Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуы бойынша, әзірге өңірде көктемгі су тасқынынан қауіп жоқ. Өйткені ақпан айына дейін түскен қардың мөлшері нормадан аз. Дей тұрғанмен алдын алу жұмыстарына жергілікті қазынадан 525 миллион теңге қаражат қарастырылған. Сондай-ақ 100 тоннадан астам жанар-жағармай, 10 мың тоннаға жуық инертті материал және 34 мыңнан астам қапшық әзірленген. Мұнымен қоса өңірдегі су қоймаларындағы жағдай да тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы