384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атақты «Қара майор» өмірден озды

  • 2115
  • UPD: 13:48, 12.02.2019

Атақты «Қара майор» өмірден озды. Ауған соғысының ардагері, Қазақстан қарулы күштерінің отставкадағы полковнигі Борис Керімбаев 71 жасқа толған шағында көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұм 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген еді. 1970 жылы Ташкенттегі Ленин атындағы әскери училищеде білім алған. 1980-1983 жылдар аралығында Ауған соғысына қатысып, арнайы тапсырмаларды орындайтын мұсылман батальонының командирі болды. Жаужүрек басшының ерлігі аз уақытта қалың жұртқа кең таралып, «Қара майор» деген лақап атпен ел аузында қалды. Әсіресе, моджахеттермен күресі әлі күнге аңыз болып айтылып жүр. Борис Төкенұлы жайында газет беттерінде бірнеше мақала жарық көріп, батырға арнап деректі фильм де түсірілген.

Хабар 24 телеарнасы