387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев су тасқыны мен өртке қарсы шара қабылдамаған әкімдерді сөкті

  • 774
  • UPD: 11:36, 12.02.2019
Б.Сағынтаев су тасқыны мен өртке қарсы шара қабылдамаған әкімдерді сөкті Forbes.kz

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев су тасқыны мен өртке қарсы нақты шаралар қабылдамаған әкімдерді сөкті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында бірқатар облыстың әкімі су тасқыны мен өрт қаупінің алдын алу бағытында өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар жайында есеп берген болатын. Алайда олардың баяндамасы Үкімет басшысының көңілінен шыққан жоқ.

«Қазіргі уақытта қандай мәселелерді шешуіміз керек? «Баяғы жартас, сол жартас» деген сөз бар. Су тасқыны келеді, үйлер судың астында қалады, қыс келеді, үйлер өртеніп жатады. Ал бәріміздің баяндамамыз керемет. Министрлер қандай кемшіліктердің бар екендігін айтты, сол туралы жауап беру керек. Не себептен қаржыландыру мәселесі шешілмеді? Неге берілмеді, неге іске қосылмады? Өртке не себепті жол берілді? Қандай тексеріс жүргізіліп, недей шаралар қабылданды? Ол туралы бір ауыз сөз жоқ. Айтатындарыңыз «бәрі керемет, бәрі жақсы, қатаң бақылауда». Қандай бақылауда екендігін көріп отырмыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетерлігі, бұл мәселе бойынша Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы