421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар несие бойынша 6 триллион теңге қарыз

  • 2177
  • UPD: 13:12, 12.02.2019
Қазақстандықтар несие бойынша 6 триллион теңге қарыз Baribar.kz

2019 жылдың басында қазақстандықтардың қаржы институттары алдындағы жиынтық несие қарызы 6 триллион теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші несие бюросының мәліметінше, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 15% көп.

Тұтынушылар тарапынан кепілсіз тұтынушылық несиелер үлкен сұранысқа ие: 49,7%-дан 54,1%-ға дейін өскен. Тағы бір үрдіс - онлайн-несиелендірудің қарқынды өсуі. Бұл сегментке қарыздардың 2,5%-ы келді, бұл 2017 жылға қарағанда 0,8 есеге көп. Нарықтағы орташа мөлшерлеме күніне - 0,21%, жоғары мерзім - 21-ден 90 күнге дейін, ең жоғары сома - 300 мың теңге.

Онлайн несие беруді банктер де ұсынады. Кепілсіз тұтынушылық кредиттер беретін 18 екінші деңгейдегі банктердің ішінде онлайн-қарызды төрт банк беруге дайын: Altyn Bank, Capital Bank (Алматы және Астана үшін), Kaspi Bank және Сбербанк. Қалған банктерде онлайн тек несиені мақұлдау үшін алдын ала өтінім беруге болады. Онлайн-қарыздар бойынша ең төменгі тиімді мөлшерлемені Kaspi Bank (23,6%-дан), Сбербанк (26,1%-дан) және Capital Bank (33,2%-дан) ұсынады. Altyn Bank жылдық 19%-дан тек базалық ставканы көрсетеді.

Шағын несие беру үлесі де өсті: 5,2% болды, бұрын 4,6% еді. Екінші деңгейдегі банктердің үлес салмағы керісінше 93,2%-дан 92,2%-ға дейін азайды.

Хабар 24 телеарнасы