387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жас сәулетшілер байқауы жарияланды

  • 586
  • UPD: 15:18, 12.02.2019
Өскеменде жас сәулетшілер байқауы жарияланды

Өскемен қаласында жаңадан бой көтерген шағын аудандардағы құрылыс нысандарын жобалауға жас сәулетшілер де қатыса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастарды қолдау жылы аясында қала әкімдігі «Өскемен сәулет» деген арнайы байқау жариялады. Қазір облыс орталығындағы техникалық жоғары оқу орнындағы сәулет және дизайн факультетінің студенттері өз жобаларын дайындап жатыр. Ал байқаудың қорытындысы алдағы наурыз айында шығарылады. Үздік деп танылған сәулетшінің жобасы бойынша жаңа нысандар салынып, авторға 5 миллион теңге грант  берілмек. Қазір қала әкімдігі жариялған байқауға 50-ге жуық студент жоба дайындап жатыр. Бұрын студенттер оқу орны қабырғасында жүріп, жақсы сәулет жобалар жасалғанмен, сұраныс болмағандықтан іске аспай қалатын. Енді ондай жобалар жерде қалмайды.

Мадияр Қапашов, студент:

- Сол байқауда біз шағынауданды құрастыру негізінде, үйлерді қалай орналастыру, тратуар жолдардың бәрін құрастырып отырмыз. Соның бәрін 5-крусқа дейін созылады. 5-круста диплом алдындағы жұмыспен байлапныстырып жасаймыз.

Мұратхан Әмірханов, аға оқытушы:

- Студенттер үшін ең тиімдісі, студенттер бұрын жай ғана жасаса, байқауға қатыспай, енді конкурсқа қатысқан соң жарыс пайда болады. Өйткені бірнеше жобаның ішінен жақсы жоба ғана байқаудан өтіп, қалада іске асуға жарамды жобалар  қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы