387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да туризмнің интерактивті картасы жасалды

  • 860
  • UPD: 15:18, 12.02.2019
БҚО-да туризмнің интерактивті картасы жасалды

Батыс Қазақстан облысында туризмнің интерактивті 3D картасы жасақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік басқармасының тапсырысымен жасақталған картаға облыстағы барлық мұражайлар, тарихи мекендер, табиғаты тамаша жерлер мен көңіл көтеру орындары, сауда орталықтары, білім және спорттық нысандар енгізілген. Өңірге алғаш ат басын тіреген турист әуежайда немесе теміржол бекетінде тұрып-ақ visit-uralsk.kz сайты арқылы қай мейманханаға немесе мейрамханаға баруды таңдай алады. Немесе өзге өңірдің тұрғындары жырақта жүріп-ақ туристік нысандарға үш өлшемді графика арқылы саяхаттай алады.

Ғалым Бекқалиев, БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Кіл мұражайлар бар, бүкіл туристік орындар бар, өзендер. Ол жыл сайын жаңартылып тұрады, нысандар қосыла  береді. Мақсатымыз – шетелдегі туристерге үйден шықпай, өзіміздің облысты көрсету.

Хабар 24 телеарнасы