427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үйлерге өрт датчиктері орнатылуы мүмкін

  • 1052
  • UPD: 15:31, 12.02.2019

Пеш жағатын жер үйлерге өрт датчигін орнатуды міндеттеу қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс ережелері туралы заңға осындай толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Оның айтуынша, демалыс күндері өрт сөндірушілер республика бойынша 107 мыңнан аса үйді аралап, қауіпсіздік шараларын тексерген. Алайда 13 мыңнан аса тұрғын төтенше жағдайлар қызметкерлерін үйіне кіргізуден бас тартқан. Бірақ мамандардың айтуынша, мұндай алдын алу шаралары өз пайдасын тигізіп отыр. Статистикаға сүйенсек, 2005 жылмен салыстырғанда былтыр өрт оқиғасының саны 4 жарым мыңға азайған.

Юрий Ильин, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

- Төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің жүргізген профиликатикалық шаралары көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алды. Осы орайда статистикаға көз жүгіртсек, 2005 жылы республика бойынша шамамен 19 мың өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 600-ден астам адам көз жұмған. Ал былтыр 14500 өрт оқиғасы анықталып, 434 адам бақилық болды.

Хабар 24 телеарнасы