424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады

  • 805
  • UPD: 15:17, 12.02.2019
Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады

«Қазгидромет» РМК мамандары 12-14 ақпан күндері ауа райының қандай болатындығын мәлімдеді.

«Ел көлемінде температураның уақытша төмендеуіне себеп болған солтүстік-шығыс тропосфералық ағындары батысқа және оңтүстік-батысқа ауысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады, яғни күн жылына бастайды», -деп хабарлайды синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, бұл күндері республика аумағында циклон жылжып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынға себеп болады.

Ал Қазақстанның қалған аймағында антициклонның ықпалынан жауын-шашын болмайды.

 

Хабар 24 телеарнасы