378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда зейнет жасындағы азаматтарға арналған жобаның тұсауы кесілді

  • 423
  • UPD: 12:34, 13.02.2019

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы. Павлодарда зейнет жасындағы азаматтарға арналған ерекше жобаның тұсауы кесілді. Онда қазыналы қарттарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылады. Орталықтың мақсаты - жасы ұлғайған адамдарды қамқорлыққа алу. Бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау. Сөз тізгінін осы өңірдегі тілшіміз Қарлығаш Қасиетоваға берейін.

 Қарлығаш Қасиетова, тілші:

-Аты айтып тұрғандай бұл жерге белсенді ата-әжелеріміз көптеп жиналған екен. Ертіс өңірінің қариялары қашанда мәдени, рухани шаралардың бел ортасында жүреді. Аймақта қариялардан құралған «Замандас» ардагерлер клубы, «Нұр Ана» қоғамдық қоры сонымен қатар «Ақсақалдар алқасы», «Ардагерлер кеңесі» сынды көптеген ұйымдар жұмыс істейді. Ал тұсауы кесіліп жатқан орталықтың алар орны ерекше деуге болады. Өйткені бұл түрлі ұлт өкілдерін бір арнаға топтастырып отырған «Достық үйінің» жанынан ашылып отыр.

Сейсембай Жетпісбаев, ҚХА облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

-Белсенді өмір сүру орталығында, әсіресе, салауатты өмір салтын ұстану секциясы көңілімнен шықты. Мұнда арнайы спорттық бағдарламалар әзірленген. Мәселен, гимнастика, фин жүрісі, йога. Жүйке жүйесін емдеу-сауықтыру жаттығуларын кәсіби инструкторлар жүргізеді. Ал ұзақ  өмір сүру құпиялары жайында мамандар дәріс оқиды. Атап өтерлігі, бұл жұмыстарға медицина саласының ардагерлері тартылады. Бұл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының тәжірибесі. Жасы ұлғайған азаматтарды қоғам өміріне белсенді араластыру - олардың өмірін ұзартудың негізгі кілті. «Белсенді ұзақ өмір сүру»  жобасы  2018-2020 жылдарға арналған  «Жол картасы» шеңберінде қабылданып отыр. Бұған дейін Қарағанды қаласында ашылған. Атап өтерлігі  орталық жастар ұйымдарымен  қоян-қолтық жұмыс істейді. Жастарды отансүйгіштікке де тәрбиелейді.

Хабар 24 телеарнасы