389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды

  • 739
  • UPD: 16:24, 13.02.2019
Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды ic24.kz

Қазақстан мен Өзбекстан авиациялық билік органдарының қол жеткізген келісімдері нәтижесінде екі ел арасындағы әуе рейстерінің жиілігі артатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінен хабарлағандай, халықаралық әуе тасымалын дамыту бойынша тұрақты жұмыс жалғасып жатыр. «Мәселен, 2019 жылғы көктем-жаз навигациясы бастала салысымен «Эйр Астана» және O'zbekiston Havo Yo'llari әуе компанияларының әрқайсысы Алматы мен Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 7-ден 10-ға дейін және Астана-Ташкент бағытындағы рейстерді аптасына 4-тен 6-ға дейін көбейтеді. Осылайша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстерінің жалпы саны аптасына 22-ден 32 рейске дейін артты. Рейстер E190 және A320 типті ұшақтармен орындалады», – деп хабарлады комитеттен. Әуе рейстерінің көбеюі бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылын табысты өткізуге мүмкіндік бермек.

Хабар 24 телеарнасы